Accessibility links

Қытай Иранды МАГАТЭ-мен ынтымақтасуға шақырды


Әлемнің алпауыт елдері Иранға қарсы санкцияларды күшейтуге бағытталған ресми келіссөздерін бастады. Ресей мен Қытай дипломаттары АҚШ, Британия, Франция және Германия елдерінің ұсыныстарымен келіспей отыр. БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркиннің мәлімдеуінше, Мәскеу Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі талқылаулардың саяси нәтижемен аяқталуын қалайды. Иран уран байытуын тоқтатудан бас тартқан соң желтоқсан айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Теһранға қарсы қарар мақұлдаған болатын. Соңғы хабарға қарағанда, Қытай Иранды Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігімен ынтымақтасуға шақырды.
XS
SM
MD
LG