БЕЛГРАД: Сербия Косово өлкесінің тәуелсіздік алуына әлі де түбегейлі қарсы. Кеше Белградта АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Дэниел Фридпен кездесуі барысында Сербияның президенті Борис Тадич осылай деп мәлімдеді. Өз жағынан Д.Фрид Косовоның келешектегі құқықтық мәртебесі бойынша БҰҰ-ының арнаулы өкілі Мартти Ахтисааридің ұсынған жоспарын АҚШ-тың “әділ де сабырлы жоспар” деп санайтынын атап көрсетті. Осы жоспарға сәйкес, Косово өлкесі іс жүзінде Сербиядан тәуелсіздік алады.