ВАШИНГТОН: Пентагон Ирақтағы АҚШ әскері басшылығының армия полициясының қосымша 2200 қызметкерін жіберуді сұраған өтінішін мақұлдады. АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтстің хабарлауынша, Ирақтағы АҚШ армиясының бас қолбасшысы сұратқан қосымша күш Бағдадтың қауіпсіздігін қорғауға жұмылдырылған 22 мыңдай әскер мен 2,5 мыңдай қолдау күшіне көмек есебінде қажет болып отыр. Кеше Ирақтың түкпір-түкпірінде болған түрлі қақтығыста кемінде 45 адам құрбан болып, ондаған кісі жарақат алды.