Accessibility links

Иордания патшасы Таяу Шығыс мәселесін шешуде АҚШ жетекші роль алуы керек деді


Иордания патшасы Абдулла екінші Израйл мен Палестина арасындағы ұзақтан бергі шиеленісті шешуге көмектесу миссиясына қайта кірісті. Оның айтуынша, Құрама Штаттар Палестина халқының үмітін қайта ояту үшін көп нәрсе жасауы керек.

Абдулла патша Таяу шығыста тұрақты бейбіт жағдай қалыптастыруға көмектесуде Құрама Штаттар көбірек шешуші ролді алу керек деп айтты.

АҚШ Конгресінде кеше бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында Абдулла, Таяу шығыста бейбітшілік орнату үдерісі үшін АҚШ-тың жетекші роль алу қажеттігін тарих өзі көрсетіп отыр деген.

«Қазір, Израйл-Палестина қақтығысын тоқтату тұрғысында жаңадан халықаралық тілектер болып жатқанда, мен бүгін сіздерге ерекше әрі мүмкіндіктің шынымен тарихи сәтінде келіп тұрмын. Және мен Америка мықты құндылықтарымен өзінің моралдық жауапкершілігімен, ия теңдессіз билігімен негізгі рольді алуы керек деп білемін», - деген Абдулла.

Иордания патшасы Израйл-Палестинаның тоқтап қалған бейбітшілік процесі Таяу Шығыстағы тұрақсыздық пен аймақтағы басқа да қақтығыстардың шығуына негізгі себеп болып тұр деді.

«Біз шынайылықтың нағыз көрінісін толығымен жоғалта алмаймыз. Аймақтық бөлінудің шығуы, ашу-ызаның туындауы мен аймақтағы көңіл қалдыру жағдайлары Палестинада әділеттік пен бейбітшілікке жол бермей отыр» - дейді ол.

Абдулланың айтуынша, Палестина халқы үміттерін жоғалтып, шарасыздыққа ұшырап отырған ел. Ол Құрама Штаттар мен оның әріптестері бірігіп, палестиналықтарға бейбітшілік орнатып, үміттерін оятып, мүмкіндіктер туғызуы үшін жұмыс істеуі керек деп айтты.

Осы айтылғандарды жеткізу мүмкіндігі Конгрес пен Американың жақын одақтастарының біріккен сессиясында мүмкін болды. Абдулла өз сөзінде, өзінің керемет ағылшын тілі арқылы, Израйлдың премьер министрі болған Исқақ Рабинмен бірге Таяу шығыста бейбітшілік орнату үшін жұмыс істеген өз әкесі патша Хуссейннің ісін жалғастырғандай болып отыр.

Патша Хуссейн осындай бейбітшілік мақсатындағы сапарын 1994 жылы жасаған болатын. Абдулла содан бері 13 жыл өтсе осы мақсаттағы жұмыстың әлі аяқталмағанын алға тартты.

Абдулла Палестина үкіметіндегі басымдық бақылауына ие болып отырған Хамас радикалды тобымен келіссөз жүргізбеген. Ол АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың жақында бейбітшілік процестері туралы келіссөздерді қайта жаңғыртқаны немесе Палестина басшылығының көзқарасындағы айырмашылықтар туралы ештеңе айтпады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG