ТЕҺРАН: Иран полициясы Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өту үшін парламенттің алдына жиналған көптеген адам құқын қорғаушы белсенділерге тап болды. Хабарға қарағанда, полиция белсенділердің тобына, оның ішінде студенттер мен әйелдерге дүрсе қоя беріп, оларды таяқтарымен соққыға алған. Қанша адамның жапа шеккені немесе тұтқынға алынғаны туралы мәлімет жоқ.