РИМ: Бүгін Римде осы аптада Ауғанстанда тәліптер ұрлап алып кеткен италияндық журналист Даниэль Мастроджакомоны босатуды талап еткен 100-деген адам митингі өткізді. Италияның “Ла Реппублика” газеті өзінің тілшісі Мастроджакомоның құпия мәліметтер жинаумен айналысты деген хабарды үзілді-кесілді жоққа шығарды. Өзін италияндық журналисті ұстап отырған тәліптердің жасағын басқарамын деп мәлімдеген Дабулло деген бір молланың таспаға жазылған сөзінде осындай мәлімдеме айтылады. Оның сөзіне қарағанда, Мастроджакомо Ауғанстандағы британ күштері үшін тыңшылық еткенін мойындаған көрінеді.
Италияның газеті өз тілшісінің тыңшылықпен айналысты деген хабарды үзілді-кесілді жоққа шығарды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?