Accessibility links

АҚШ Иран полициясының әйелдер құқын қорғаушы белсенділерді басып тастағанына алаңдаушылық танытты


Құрама Штаттар кеше Техранда халықаралық әйелдер күніне орай әйелдер құқын қорғаушы белсенділердің бейбіт жиынын Иран билігінің күшпен басып тастағаны терең алаңдаушылық тудырады деп мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік департаментінің айтуынша, Иран халқының өз ойын ашық білдіруіне қатысты Иран билігінің төзімсіздік әрекеті дабыл туғызып отыр деген. Ол шеруді ұйымдастырушылардың бірі Фарда радиосына берген сұхбатында ол қақтығыста бірнеше адам жараланғанын айтты.
XS
SM
MD
LG