Бүгін Ауған полициясы өздерінің солтүстіктегі провинциясында Германияның гуманитарлық тобының мүшесін өлтірген оқиғаға қатысы бар делінген алты адамды қамауға алғандарын айтып отыр. Германияның ауылшаруашылық істері бойынша көмек көрсету тобының мүшесі кеше қайта құру жұмыстарын бақылап жүргенде атып өлтірілген. Ауғаныстан президенті Хамид Қарзай ол өлімді жасағандарды айыптап, ауғандықтар елді қайта құруға атсалысып, бізге көмектесіп жатқан барлық шетелдіктерге рахмет айтуы керек деген.
Ауған полициясы германиялық көмек көрсетуші жұмыскердің өліміне қатысты 6 адамды қамауға алды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі