Бүгін Шешендердің тәуелсіз жетекшісі болған, марқұм Аслан Масхадовтың әйелі екі жылдан бері Ресей билігінің құпия мекемесінде ұсталып келген күйеуінің денесін қайтаруды сұрады. Кусама Масхадованың шешен көтерілісшілерінің веб-сайтына шыққан сұхбатында, Масхадовтың сүйегін қайтару оның отбасы үшін “ең маңызды мәселе” деген. Ресей заңы бойынша, террорист деп күдіктелгендердің мәйіті олардың отбасына берілмейді. Масхадов 2005 жылдың наурыз айында өлтірілген.