НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының арнаулы өкілі Мартти Ахтисаари Косово өлкесінің болашақтағы құқықтық мәртебесі туралы өзінің жобасын бүгін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің назарына ұсынуға тиіс. Осы жобаға сәйкес, Косовоға халықаралық қоғамның бақылауымен шектеулі тәуелсіздік беру көзделеді. Бұл жобаны Косово шенеуніктері қабылдаса да, Сербия оған қарсы шықты. Косово өкілдері мен Сербияның арасындағы 1 жылға созылған келіссөз күткендегідей нәтиже бермей таяуда аяқталды. Косово өлкесі – 1999-ыншы жылдан бері БҰҰ-ының басқаруына қарайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?