МӘСКЕУ: Ресейдің кеше жергілікті парламент сайлау болып өткен 14 облыс-аймағының басым көпшілігінде, бастапқы мәлімет бойынша, “кремльшіл” “Единая Россия” партиясы жеңіске жетті. Тек бір ғана аймақ - Ставрополь өлкесінде тағы бір “кремльшіл” “Справедливая Россия” партиясы басым дауыс жинады. Жергілікті заң қабылдау жиналысына коммунистер мен ұлтшылдардың либерал-демократиялық партиялары, санаулы ғана облыста оппозициялық “Оңшыл күштердің одағы” партиясы өз өкілдерін сайлады. Түрлі партия дауыс беру барысында заңның бұзылғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Крокустегі" теракт
Путин неге Мәскеудегі шабуылға Киев пен Батысты кінәлайды?