Accessibility links

Германия Ауғанстандағы НАТО күштеріне көмекке ұшақтар эскадронын жібереді


БЕРЛИН: Кеше Германияның Федералдық Конституциялық соты Ауғанстандағы НАТО күштерін қолдау үшін немістің реактивтік соғыс ұшақтарының эскадронын жіберуге тосқауыл қоймақ болған депутаттардың сауалын қанағаттандырмай қайтарды. Дыбыстан тез ұшатын “Торнадо” ұшақтарының эскадронын Ауғанстанға жіберу туралы мәселені неміс парламентінің мақұлдауынан кейін, жұма күні 2 депутат оған қарсы Конституциялық сотқа сұрау жолдаған болатын. Қорғаныс министрлігі ұшақтардың барлау миссиясын ғана орындайтынын мәлімдесе де, депутаттар Ауғанстанға соғыс ұшақтарын жіберу Германия конституциясына қайшы келетінін алға тартты.
XS
SM
MD
LG