Accessibility links

Көмек-қолдау ұйымдары Балқашта Арал теңізіндегі сияқты апатты болдырмау жолында жұмыс істеуде


Европа одағының ресмилері мен халықаралық негізгі ұйымдар Қазақстанда бас қосып, әлемдегі ең үлкен көлдің бірі Балқашты мүмкін болғалы тұрған экологиялық апаттан сақтап қалу мақсатында қаржыландыру жолдарын қарастырмақшы.

Мұнда Қазақстандағы Балқаш көлі шамадан тыс көп пайдаланушылықтан суалып кеткен Арал теңізі тәрізді апатты жағдайға жақындап қалды деген алаңдаушылық туындап отыр. Егер тұрғындардың 20 проценттен астамы ауыз суды Балқаштан алып отырғанда көлге мұндай қауіп төнсе, ол Қазақстан үшін ауыр соққы болуы ықтимал.

Халықаралық ұйымдар осы айда Алматыда кездесіп, Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін сақтап қалу жолдары мен шараларын талқылайтын болады.

Алматыдағы Европа комиссиясы делегациясының айтуынша, бір күндік конференцияға осы комиссия өкілдерімен қатар, Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, БҰҰ-ның мәдениет және даму агенттіктерінің өкілдері шақырылған.

Европа Одағының Қазақстанға арналған бағдарламасының жетекшісі Анна Брамвелл «Азаттық» радиосына берген сұхбатында конференцияның нақты өткізілетін күні әзірге анықталмағанын, дегенмен ол наурыздың 21-інде болуы мүмкін екенін айтқан.

Мұндай конференция ұйымдастыру жайындағы сөз Қазақстан президенті Н.Назарбаев үкімет Балқаш көлі бассейнін дамытуға арналған бағдарлама дайындауда деп хабарлаған кезде айтыла бастады.

Брамвелл Қазақстанға көмектің бір бөлігі ретінде Евродақ осы аймаққа арналған менеджерлік жоспарды қаржыландыру жобасын қолға алды дейді:

- Біз батыстық ең үздік деген тәжірибесі және оған қоса әлемнің басқа бөліктерінің де тәжірибесін бұл бассейнді дамытуға пайдалану үшін кепілдік болуын шын мәнінде қалаймыз. Бұл тұрғындары шашыраңқы жатқан Қазақстандағы ең бір құнарлы және халық тығыз орналасқан аймақ. Мұнда мекендейтін жұрт өзен ағыны сияқты қарбаласқан қалада, мәселен, Алматы сияқты жерде тұрғылары келмейді.

Оның айтуынша, бұл аймақты гүлдендірудің жолдары көп, ол үшін балық аулау көлемін қысқартып, ағаштарды кесуді тоқтату, сондай-ақ басқа да табиғат байлықтарын пайдалануды шектеу керек.

Осы жолдағы күш-жігер мен әрекеттердің бір парасы ретінде наурыз айының басында Алматыда Европа одағы шақырып өткізген конференцияны айтуға болады. Оған Қазақстанның жоғары шенді шенеуніктерімен қатар Қытайдың су сарапшылары, Қырғызстанның ресмилері қатысып, Балқашқа құятын су көздерін талқылады.

Балқашқа келіп құятын жеті өзеннің басым көпшілігі өзінің бастауын Қытай мен Қырғызстан жерінен алады. Оның ең маңыздысы - İле өзені.

Қазақстан Қытайдың батысында тұрғындар санының өте тез арада өсіп бара жатқанына қатты алаңдайды. Өйткені, Қытай İле өзенінің суын пайдалану көлемін ұлғайтып жіберуі әбден мүмкін. Осыдан сақтану үшін аталған конференцияда Қазақстан Қытайға өзіндік ұсыныс та жасады.

Алайда, Брамвелдің айтуына қарағанда, Қытай өздерінің İле өзенінің суын көбірек пайдалану жоспары жоқ екендіктерін айтқан, бірақ олар да Қазақстан жағы айтып отырған жайттарға назар аударған.

Міне, осының барлығы да, айналып келгенде, Балқаш көлін сауықтырудың ұзақ мерзімдік шараларын қолға алуға шақырады дейді ол.

- Мен және басқалар да мұнда жақсы бастауды көріп тұрмыз, егер Қытайдан ешкім келмегенде, ол, әрине, жақсылықтың белгісі болмас еді. İс жүзінде адамдар келді және біз өте жақсы қарым-қатынас жасадық, күн тәртібіндегі мәселе бойынша ұзақ талқылаулар өткіздік, сондай-ақ, Қазақтың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аймақтық институты мен Қытайдың Үрімжідегі су басқару институты арасында келісім туралы меморандумға қол қойылды, - дейді Анна Брамвелл.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG