Accessibility links

ЕҚЫҰ ресми Ташкентті журналистердің ақпарат жинауға деген құқығын шектемеуге шақырады


БРЮССЕЛЬ: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Ұйым Өзбекстан өкіметін журналист әрі адамның құқын қорғаушы Үмида Ниязованы түрмеден босатуға шақырды. Сөз бостандығының істері бойынша осы ұйымның өкілі Миклош Харастидің өзбек сыртқы істер министрі Владимир Норовқа жолдаған хатында айтылғандай, журналистердің ақпарат жинауға деген құқы шектелмеуге тиіс. Үмида Ниязова – “шекарадан заңсыз өтті” және “экстремистік әдебиетті таратты” деген айыптармен қаңтар айында тұтқындалған болатын. Адамның құқын қорғаушылар оған тағылған айыптардың “саяси астары бар” деп мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG