Accessibility links

Ресей банктері ФАТФ ұйымының ережелерін бұзу үстінде


ТБИЛИСИ: Абхазияда қызмет көрсететін Ресей банктері халықаралық “қара тізімге” кіруі мүмкін. - Кеше Грузияның реформаларды үйлестіру министрі Каха Бендукидзе осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Абхазиядағы Ресей банктері қаржылық заңсыздықтарға қарсы күресетін үкіметаралық топтың – ФАТФ-тың ережесін бұзып отыр. Ресейге, деп мәлімдеді Каха Бендукидзе, осы ұйымның мүшесі ретінде қадағаланбайтын территорияларда банк қызметін жүргізуге болмайды. ФАТФ ұйымы – “арам ақшаның” қаржы айналымына түсуіне және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресу үшін құрылған болатын.
XS
SM
MD
LG