МӘСКЕУ: Ресей Косово өлкесінің келешектегі құқықтық мәртебесі туралы ұсынысты БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру асығыстық болады деп есептейді. Кеше Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Михаил Камынин мәлімдегендей, Сербия мен Косово албандарының өкілдері өзара келіссөзін әрі қарай жалғастырып, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға тиіс. Косовоның құқықтық мәртебесі туралы БҰҰ-ның жоспары бойынша Венада болып өткен осындай келіссөз нәтиже бермей аяқталған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?