Accessibility links

Грузин өкілі Кодор шатқалының атқыланғанын БҰҰ-ының Бас хатшысына хабарлады


НЬЮ-ЙОРК: Кеше Грузияның БҰҰ-ындағы өкілі Ираклий Аласания Кодор тау шатқалының атқылануына үзілді-кесілді наразылығын білдірді. Ресми Тбилисидің мәлімдеуінше, тау шатқалын Ресейдің тікұшақтары атқылады. Грузия өкілі, оның өз сөзімен айтқанда, Кавказ аймағындағы бейбіт үдеріске бөгет жасауды көздеген “белгілі бір элементтер” іске асырған бұл шабуылдың жай-жапсарын БҰҰ-ының Бас хатшысына хабарлады. Ресей мен халықаралық қоғам мойындамаған Абхазия республикасы бұл шабуылға өздерінің қатысы болғанын мойындамады.
XS
SM
MD
LG