Accessibility links

Ауғанстанда кісі ұрлаушылардың қолына түскен Италия азаматы әлі тірі


РИМ: Ауғанстанда кісі ұрлаушылардың қолына түскен Италия азаматы Даниэле Мастроджакомо Италия үкіметінен өзін босатып алуды өтінді. Кеше Италия теледидары алғаш рет Мастроджакомо туралы бейнесюжетті көрсетіп, оның әлі тірі екенін растады. Тәліптер Даниэле Мастроджакомоны осыдан 9 күн бұрын Ауғанстанның Гильменд өлкесінен тұтқындап алып кеткенін мәлімдейді. Олар Мастроджакомоны босатып алу үшін Италия үкіметінен Ауғанстандағы 2 мыңдай әскерін алып кетуді талап етті. Италия үкіметі оған келіспей отыр.
XS
SM
MD
LG