Accessibility links

Ауған министрі И.Хан Х.Қарзайдың үкіметін де, АҚШ-ты да сынға алады


ГЕРАТ: Кеше Ауғанстанның су және энергетика министрі Исмаил Хан елдегі Совет армиясына қарсы алғашқы ең ірі көтерілістің 28-жылдығын атап өтіп, Кабулдағы билік пен Америка Құрама Штаттарын сынға алды. Кеше Герат қаласында болып өткен еске алу рәсімінде И.Хан Ауғанстан конституциясының талабы бойынша ислам заңдылықтарын жүзеге асыруға ресми Кабулдың қабылеті жетпейді деп мәлімдеді. Ол, сонымен қатар, өзінің және Совет армиясына қарсы күрескен өзгелердің адамның құқын бұзды деп америкалық ұйымдардың таққан айыптарымен келіспейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG