ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль Палестинадағы ФАТХ қозғалысы мен “Хамас” тобының жаңа үкіметті жасақтау мәселесінде уәжге келуін қолдамады. Израиль шенеунектері халықаралық қауымдастықтың талабына сәйкес, Израильдің мемлекет ретінде өмір сүруге деген құқын жаңа үкіметтің мойындай қоюы екіталай деп мәлімдеді. АҚШ пен Еуропа Одағының өкілдері Палестина үкіметіне “Хамас” ұйымының келуіне байланысты автономияға қарсы енгізген экономикалық шектеуін доғарудан бұрын, ұлттық бірлік үкіметінің біржола құрылуын күтіп отырғандарын атап көрсетті. Палестина парламенті жаңа үкіметке сенбі күні дауыс беруге тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?