Accessibility links

Мажар полициясы мен шеруге шыққан халықтың қақтығысында талай адам жапа шекті


БУДАПЕШТ: Кеше түнде Мажарстан астанасы – Будапештте полиция мен үкіметке қарсы шеруге шыққан оңшыл оппозиция белсенділерінің қақтығысынан кейін ондаған адам ұсталды. Оның барысында екі жақтан да талай адам жарақат алды. Полиция көзден жас ағызатын газ бен су шашатын брандспойт техникасын пайдаланды. Наразылық шарасының ең басты талабы – тағы да премьер-министр әрі социалистердің лидері Ференц Дюрченьнің үкімет басынан кетуі болып отыр. Бұл шеру Мажарстанның ұлттық мерекесі - 1848-інші жылғы төңкерістің күнін тойлауға кедергі болды.
XS
SM
MD
LG