БҰҰ-ның Бас хатшысы Бан Ки Мун Косовоның болашақ мәртебесі туралы арнайы өкіл Мартти Ахтиссариден ұсыныстар алған. Ахтиссари Сербия мен Косово албандарының жетекшілері арасындағы ақырғы келіссөздер еш нәтиже бермеген соң, осы тұрғыдағы өз ұсыныстарын БҰҰ Бас хатшысына ұсынған. Енді ол ұсыныстар Қауіпсіздік Кеңесіне жіберілетін болады. Тараптардың екі жағы да ол ұсыныстар Косовоның Сербиядан тәуелсіздік алуына жол ашады деп есептейді, демек ұсыныстарды этникалық албандар қолдағанымен, сербтер қарсы болып отыр.