Accessibility links

Палестинаның жаңа үкіметі де Израильден қорғануды “заңды құқы” деп санайды


ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт халықаралық қауымдастықты Палестина автономиясына қарсы қаржылық блокадасын жалғастыра беруге шақырады. Оның бүгінгі үкімет отырысында мәлімдегеніндей, Автономияның жаңа үкіметі Таяу Шығыс жанжалын реттеу үшін құрылған халықаралық делдалдардың талаптарын қабылдамады. Оның қарсаңында АҚШ пен Еуроодақ Палестина билігін Израиль мемлекеті мен онымен арадағы бұрынғы келісімдерді мойындауға және қантөгістен бас тартуға шақырған болатын. Сенбі күні Палесина парламенті “Хамас” ұйымы мен ФАТХ қозғалысының бітімге келу арқылы құрған коалициялық үкіметін мақұлдады.
XS
SM
MD
LG