Accessibility links

Ресми Пхеньянның Макао банкінде жатқан 25 млн. қаржысы босатылады


БЕЖИН: Бүгін Бежинде Пхеньянмен арадағы оның ядролық бағдарламасын жабу туралы келісімді жүзеге асыру мәселесі бойынша көп жақты келіссөз басталды. Өткен ақпан айында Солтүстік Корея өзіне қауіпсіздік кепілдігі беріліп, экономикалық көмек көрсетілетін болса, ядролық бағдарламасынан бас тартуға келіскен болатын. Сондай-ақ бүгін мәлім болғандай, АҚШ Солтүстік Кореяның Макао банкінде жатқан 25 млн. доллар қаржысын босататын болды. Ресми Пхеньянның уәде беруі бойынша, бұл қаржы қайырымдылық мұқтажына жұмсалады.
XS
SM
MD
LG