Accessibility links

Италияндық журналист босатылып, Гильменд облысының ауруханасына жатты


РИМ: Бүгін Италияның сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы тәліптердің қолына түскен журналист Даниэле Мастроджакомоның босатылып, Кабулдағы Италия елшілігінің өкілдеріне тапсырылғанын растады. Италияның премьер-министрі Романо Проди журналистің Ауғанстандағы Гильменд өлкесінің ауруханасына жатқызылғанын хабарлады. Күнделікті “Ла Реппублика” газетінің тілшісі Мастроджакомо – тілшісімен және көлік жүргізушісімен бірге Гильменд өлкесінде 4-інші наурыз күні тәліптердің қолына түскен болатын. Тәліптер оның көлік жүргізушісін өткен жұма күні өлтіргенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG