Accessibility links

Ресейдің Сібір аймағындағы көмір кенішінде болған апатта қаза тапқан адамдар саны 106-дан асты


Соңғы сағаттарда ол шахтадан бір кенші құтқарылған. Мәскеуден шығыс аймақта, 3500 шақырымдай жердегі Ульяновск кенішінде әлі де болса 4 кенші қалып отыр екен. Ресейдің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Сергей Шойгу апат жөнінде тілшілерге былай деді:

- Құтқарушылар шахтадағы ең қиын жерге жетті. Олар өте сақтықпен төмен жылжуда. Дегенмен, жағдай күрделі болып тұр. Өкінішке орай, жарылыс кезінде шахтадағы ішкі байланыс жүйесі бүлінген. Сондықтан қиындыққа кезігіп тұрмыз.

Ресмилердің айтуынша, наурыздың 19-ында жарылыс болған кезде шахтада 200-дей кенші болған. Қаза тапқандардың 20-сы шахта жетекшілігіндегі қызметкерлер екен. İссапарда жүрген британиялық кеңесшінің тағдыры әзірге белгісіз қалып отыр.
XS
SM
MD
LG