Accessibility links

П.Мушарраф сот төрағасын қызметінен босатамын деп саяси дағдарыс туғызды


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның Лахор және өзге қалаларында Жоғарғы сот төрағасының қызметтен босатылуына қарсы мыңдаған заңгер наразылық митингісіне шықты. Кейбір қаладағы наразылық шарасы кезінде полициямен арада қақтығыс болса, Лахор қаласында полиция оппозицияның ондаған белсендісін қамауға алды. Пәкістан президенті П.Мушаррафтың Жоғарғы соттың төрағасы Ифтихар Чаудриді “қызмет бабын асыра пайдаланды” деген айыппен қызметінен босатпақ болған әрекеті елдегі үлкен саяси дағдарысқа соқтырып отыр.
XS
SM
MD
LG