Accessibility links

Солтүстік Корея 25 млн. доллар қаржысы өзіне қайтарылмай, келіссөзге оралмайды


БЕЖИН: Солтүстік Кореяның “ядролық бағдарламасы” бойынша Бежинде жоспарланған 6 жақты келіссөз бүгін өтпей қалды. Өйткені ресми Пхеньян Макао банкісінде жатқан 25 млн. доллар қаржысының өзіне қайтарылуын тосып отыр. Солтүстік Кореяны “арам ақшаны қаржы айналымына салумен айналысты” деп айыптаған АҚШ осы қаражат жатқан есеп-шотқа құлып салған болатын. Пхеньян 25 млн. доллар қаржы өзіне толық қайтарылмай, келіссөзге оралмайтынын ескертті. Бүгін АҚШ-тың ресми өкілі Кристофер Хилл Бежиндегі келіссөздің қашан жалғасатынын айта алмады.
XS
SM
MD
LG