НЬЮ-ЙОРК: Ауғанстандағы тәліптер, қатарының айтарлықтай сиреуіне қарамастан, бірқатар стратегиялық жетістікке жете алды. БҰҰ-ының Бас хатшысы Бан Ги-Мун осылай деп есептейді. Қауіпсіздік Кеңесінде жасаған баяндамасында Бас хатшының атап өткеніндей, Кабулды Кандагар және Герат сынды өлкелермен байланыстыратын маңызды жолдардың бойында тәліптер белсенді іс-қимылға көшіп, күзет постарын орната бастады. Егер өткен жарты жылда ресми Кабулдың өкілдері мен коалициялық күштерге қарсы 53 жанкешті-террорист қастандық жасаған болса, соңғы жарты жылда 77 шабуыл жасалды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV