БІШКЕК: Бүгін қырғыз президентінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, Елмырза Сатыбалдиев Бас прокурордың міндетін уақытша атқарады. Кеше кешкісін ресм билік өкілдерінің мәлімдегеніндей, президент Қ.Бәкиев Е.Сатыбалдиевті Бас прокурор етіп тағайындаған жарлығын кейін шақыртып алды. Өйткені, ол Бас прокурорға қойылатын барлық талапқа сай емес көрінеді. Бұрынғы прокурор Қамбарәлі Конгантиев - оппозиция мен адам құқын қорғаушылардың талабы бойынша - қызметінен дүйсенбі күні босатылды.