Accessibility links

Мәскеуде тіркелген 30 мың нашақордың басым көпшілігі жастар


МӘСКЕУ: Өткен жылы Ресейде есірткіге жататын дәрі-дәірмектерді тым көп қабылдаудан шамамен 100 мыңға жуық адам көз жұмды. Мұндай мәліметті бүгін дәрі-дәрмекті қадағалайтын федералдық қызметтің Мәскеулік бөлімінің басшысы Виктор Хворостян хабарлады. Есірткіге қарсы жастар форумында сөйлеген сөзінде Хворостян бір ғана Мәскеуде 30 мыңға жуық нашақордың тіркелгенін және оның басым көпшілігін жастар құрайтынын мәлімдеді. Осы күні Ресей халқы 144 млн.-ды құрайды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Бакиевтің үйі

XS
SM
MD
LG