Accessibility links

Босния аймағында алты айдан кейін үкімет жасақталды


2006 жылдың қазан айындағы сайлаудан жарты жыл өткен соң Боснияның мұсылман хорват федерациясы жаңа үкімет құрамын мақұлдады. Парламент 2007 жылдың бюджетін қабылдау мерзімі өтіп бара жатқандықтан да үкіметті бекітуге тиіс болды. Босниямен қатар серб республикасын біріктіретін федерацияда Үкімет жасақтау ісі бірнеше рет билік басындағы мұсылман және хорват партияларының билік бөлісуде бір мәмілеге келе алмауынан кейінге шегеріле берген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG