Accessibility links

Орта Азия/Ресей: жойылу қаупі төнген Еуразия құсын бақылау табиғатты қорғайтындардың үмітін туғызады


Үстіміздегі жылы Сирия мен Түркияға барған жеке-жеке 2 ғылыми экспедиция мүлде жойылу қаупі төнген еуразиялық құс – қызғыш құстың сирек кездесетін тұқымының үлкен қонысын тапты. Көшіп жүретін қызғыш құстың бұл түрі – мүлде жойылуға жақын қалған соң “Қызыл кітапқа” енгізіліп отыр. Қызғышқұс жаз маусымында Ресей мен Қазақстанды мекен етеді. Дегенмен де осы құстың Сирия мен Түркиядан табылуы оны мүлде жойылудан қорғап қалу үшін тер төгіп жүрген табиғат ресурстарын қорғайтын мамандарға дем беріп отыр.

Өткен ақпан айында ғылыми экспедициямен Сирияның солтүстігіне барған сириялық және голландиялық орнитолог-ғалымдардың тобы 1 күннің ішінде-ақ 1.200-ден асатын қызғыш құсты кездестерді. Одан да ғажап жаңалық осы айда Түркияның оңтүстігінен келіп жетті. Түрік орнитологтары Сирия шекарасының маңайынан бірінші күні-ақ 1 мыңға жуық қызғышты тапты. Қазақстанды мекендейтін қызғышты зерттеген ғылыми ізденісті ұйымдастырған Ұлыбританияның құстарды қорғайтын патшалық қоғамының өкілі Роб Шелдонның пікірінше, қызғыш құстың жалпы саны күткендегіден әлдеқайда көп болса керек. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Роб осылай деп атап көрсетті.

Р.ШЕЛДОН: “Осы жолғы 2 мыңнан астам құсты бақылау – қызғышқұстың соңғы 10 жылдан бергі ең көп жиналған жері болып отыр. Және, ең қызығы, осы құстардың бірінен де түрлі-түсті сақина байқалмады. Біз Орталық Қазақстанда өзіміз жүргізген зерттеуіміздің барысында құстың аяғына пластмассадан жасалған кішкентай ғана сақинаны кигізген едік. Егер Сирия мен Түркиядағы құстардың бірінен де түрлі-түсті сақина табылмаса, демек онда мұндай құс біз зерттеу жүргізген Қазақстаннан басқа аймақтарда да көп мекендейді”.

Осыған дейінгі есеп бойынша, құстың осы түрінің жалпы саны 400-ден 1.5 мыңға жуық деп саналды. Қызғыш – көбіне теңіз бен көлдің жағасын мекендейтін кішкентай ғана құс көрінеді. Қызғыш - негізінен Қазақстаның орталық және солтүстік өңірлерінде, азын-аулақ бөлігі – Ресейдің оңтүстік және орталық аумақтарында ұя салады. Қыс түскенде Таяу Шығысқа, Африканың солтүстік-шығысы мен Үндістанның солтүстігіне қарай ұшыады. Күн жылығанда Ауғанстан, Иран, Орта Азия және Кавказ арқылы ұшып өтеді екен. Қызғыш құстың тіршілігін зерттейтін халықаралық жоспардың Алматы қаласындағы үйлестірушісі Виктория Ковшар, “Азаттық” Радиосына беген сұхбатында, өткен 50 жылдың ішінде қызғыштың жалпы саны кем дегенде 10 есе азайғанын атап көрсетті.

В.КОШВАР: “Халықтың сиреуіне ең басты себеп – 1960-ыншы жылдары Совет Одағы Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлеріндегі тың даланы игермек болды. Ірі қара малдың көп жайылуынан, қойшылардың иттері мен тағы басқа себептердің салдарынан құстардың ұялары бұзылды. Бірақ жұрттың көпшілігі қоныс аударып, ұялардың, жұмыртқалар мен шөжелердің аман қалуына жағдай туды. Бірақ қазір халықтың көпшілігі тағы да қаладан далаға қарай көше бастады. Қазір ұялар мен жұмыртқалар және шөжелер көптеп құри бастады. Бірақ халықтың жалпы саны өсе қойған жоқ. Бұл – құстардың қыстайтын жерлерінде немесе басқа жаққа қарай ұшып өтетін бағыттарында бірқатар проблема туып отыр деген сөз”.

Роб Шелдон Викторияның мұндай пікірімен келіседі және, өз тарапынан, тіршілік ететін табиғи ортасының бұзылуы, ауа райының өзгеруі немесе аң аулау сынды жайттармен қатар тағы нендей себептен қызғыштың сирегенін кесіп айтудың қиын екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, қызғыштың түрлері мекендейтін аймақтарды анықтау мақсатымен ғалымдар биыл қазақ даласындағы зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастырады. Сонымен қатар осы құстың ұя салатын және Ресейге қарай ұшатын бағытын анықтау жұмысы да жоспарланып отыр.

Оған қарама-қатар Қазақстандағы Теңіз-Қорғалжың көлдері жүйесін басқару жоспары - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Дүниежүзілік қор мен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Астанадағы кеңсесінің 7 жылдық жобасы бойынша жүзеге асырылатын болады.

Қызғыш құс мекендейтін ең маңызды ортасының бірі – Ақмола мен Қарағанды облыстарының аумағы. Оған 353 мың гектар аумақты қамтитын қорық пен арнайы аймақ қарайды. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында осы жобаның ұлттық менеджері Талғат Кертешев табиғи ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдалануға қорықты басқару жоспарының көмек беретінін атап көрсетті.

Т.КЕРТЕШЕВ: “Бұрын, мысалға, Қазақстандағы қорықтар жергілікті халықтың көмегімен басқарылатын. Ал қазіргі жағдайда менеджмент жоспарына сәйкес, қорықты басқару үдерісіне жергілікті тұрғындарды тарту көзделіп отыр. Мысалға, мына адам ресурстарын дамыту бағдарламасында экологиялық туризмді дамыту мүмкіндігі қарстырылған. Міне сол бағдарламада қорықтың қызметінен жергілікті халықтың қандай жолмен пайда көре алатыны айтылған”.

Қазақстанның жабайы құстар ұшып өтетін бағытында орналасқан батпақты тағы 2 қорығы болып табылатын Алакөл-Сасықкөл мен Урал өзенінің атырауына да осы жобаның қатысы болады.
XS
SM
MD
LG