Accessibility links

Голливуд түсірген ежелгі гректер мен парсылардың шайқасы туралы кинокартина не себепті ирандықтардың наразылығын туғызды?


Голливудтың "300" деген қарапайым атпен таңбаланған фильмі ирандықтардың ашу-ызаларын өршітті. Аталған картинаны болашағынан үміт күттіретін режиссер Зак Снидер түсірген. Онда ежелгі Термопилдегі шайқаста парсы патшасы 1-ші Ксерксестің әскерінің алдын тосып, жолын жауып тастаған гректердің 300 жауынгері туралы баяндалады. Ирандықтар шығармада тарих бұрмаланып, дөрекі көрсетілген деп есептейді.

Иран үкіметі американдық осы "300" деген фильм бойынша БҰҰ-на шағымдануда. БҰҰ-ның Мәдениет, білім және ғылым ұйымы - ЮНЕСКО-ға жолданған хатта Иран елшісі Мохаммед Реза Дехшири бұл кинокартина иран мәдеиетін қорлады деп атап көрсеткен. Ол ЮНЕСКО ұйымын мұндай мәселеде соғыс, бірін-бір жеккөрушілік пен менмендіктен гөрі жауапкершілікті көтеру қажеттігіне шақырған. Ирандағы Time журналының тілшісі Азаде Моавени шығармада ирандықтардың арасында алаңдаушылық пен наразылық тууына деген негіз бар дегенді айтады.

Ираннан тыс жерде, басқа елдерде тұратын ирандықтар да өз ашу-ызаларын білдіруде. Солардың бірі қазір Американың Аризона штатын мекендейтін ирандық суретші Митра Фарохзад Фарда радиосына өз пікірін былайша білдірген.

- Мен үшін сезімтал нәзік деген мәселерде үндемей қалуға болмайтындығы маңызды, солардың қатарында ұлттық намыс ең басты бағыт. Мен ол картинаны көргенде алғашында түк түсінген жоқпын, өйткені, ондағы көрсетілгендер мүлде ақылға қонбайды. Олар Ксерксесті қалай жағымсыз етіп бейнелегенін көргенде мұндай үлкен адамды неге осындай етіп көрсетеді деп таңқалдым.

Ал енді кейбір бақылаушылар болса, Иран үкіметі бұл Голливуд фильмі төңірегіндегі шуды өздерінің күн тәртібіндегі саяси мақсаттары тұрғысында пайдалануда деген пікір айтады. Олар Иран билігі көпшіліктің ұлттық сезімдерін көтеріп, Иран республикасы ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық қысымға тап болып тұрған шақта, халықтың үкіметті қолдауға қарай топтасқанын қалайды деп атап көрсетеді.

Фильмнің дистрибуторлары ағайынды Уорнерлер картина ешбір мәдениетті кемсітуге арналмаған дейді. Тек көрерменге қызықты дүние ұсыну мақсаты болған дегенді алға тартады.

Фильм көрсетілген алғашқы бір аптаның өзінде 70 миллион доллар табыс түсірген. Фильмде жауласушы екі жақтың арасындағы шайқас суреттеле отырып, гректер батыс мәдениетін қорғаушы, ал парсылар оны келіп аяусыз бұзып тас-талқан етуші ретінде көрсетілген. Онда ежелгі тарихшылардың, соның ішінде Геродоттың айтқан пікір- нұсқасы негізге алынғандай.

АҚШ-тағы киносыншы Джой Куиинан "300" кинокартинасының төңірегінде осыншама толқулардың тууына күмәнмен қарайды. Ол аталған картина тек күлкілі болып көрінеді, онда жеңген жақ, демек жеңімпаз гректер өз тұрғысынан жазып, оқиғаны аңыз үлгісінде көрсеткен. Егер ол парсыларға ұнамаса, олар да өз үлгісіндегі Термопил сценариін жазып, түсірулеріне болады дейді. Киносыншысы ирандықтарды мәселеге кең тұрғыдан қарауға шақырады.

- Егер ирандықтар 13-ғасырда Шыңғыс ханның Парсыны шабуылдап, басып кіргені туралы фильм түсірсе, моңғолдар да оның қалай көрсетілгені, суреттелгеніне өз шағымдарын айтқан болар ма еді, - дейді.

Куиинан мұнымен қатар сөз болып отырған картинада гректердің батыстық демократиялық құндылықтарды Азия Ордаларынан қорғаушы ретінде суреттелуімен келіспейтіндігін білідіреді.

Жалпы, Термопил шайқасы гректер үшін өте маңызды тарихи оқиға болғандығы аян.
XS
SM
MD
LG