Accessibility links

Мексикада Иран өнер туындыларының көрмесі өткізілуде


Мексиканың Мехико қаласындағы Антропология институты мұражайында біздің эрамызға дейінгі 6-шы ғасырдан басталып 20-ғасырға дейінгі қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылған.

Бұл Латын Америкасындағы осындай тұрғыдағы алғашқы көрме екендігі аян. Мексикадағы Иран елшілігінің қатысуымен өтіп жатқан "Парсы: жұмақ сипаттары" деп аталатын бұл көрмеде Техрандағы ұлттық мұражайдың экспонаттары да қойылған.

Дәл осы күндері мұндай көрменің өткізілуі де тегін емес сияқты, өйткені, наурыздың 23-інде Мексикада дауыл пікірлер туғызып отырған голливудтық "300" фильмі көрсетілмекші. Онда ежелгі парсылар жайында жағымсыз түрде сипатталғанына ирандықтардың наразылығы туындағаны турасында айтқан болатынбыз.

Көрмеге қойылған заттардың көпшілігі үй тұрмысында тұтынылатын бұйымдар, мәселен, дөңгелек шарлардан бастап, қыштан күйдірілген ыдыстар, алтын күміс заттары.

Онда шығу тегі - көшпелілер болғанымен, ұзақ уақыт отырықшылық өмір салтын ұстанған парсылардың Таяу шығыстағы әлеуметтік өмірінен жан-жақты хабар беріледі.

Көрмені тамашалаушылардың назарына ұсынылған дүниелер қатарында көлемі саусақтың үлкендігіндей ғана болатын Керманшах провинциясының батыс аймағынына табылған, мерзімі біздің жыл санауымызға дейінгі 6 мыңыншы жылды көрсететін "Сараб Венерасы" деп аталатын мүсін бар.

Ендігі бір ерекше экспоанат Техранның батысындағы Есмаилабад ауданына жататын біздің эрамызға дейінгі 5 мыңыншы жылдардан деп белгіленген өте үлкен, терракот - қызғылт-сары түрлі-түсті шар. Оның өте жақсы сақталғандығы байқалады.

Көрменің келесі бөлігіне Иранның солтүстігіндегі Гилан аймағынан табылған біздің жыл санаумызға дейінгі 1-мыңыншы жылдарғы шаралар қойылған. Онда адам мен аң, жан-жануарлардың денелерінің түрлі бөліктері, ұзартылып көрсетілген аяқтарға дейін көруге болады.

Көрмедегі экспонаттар негізінен жан-жануар мүсіндері немесе гүл өрнектерінен құралған. Ирандықтардың өмірінде аңдардың маңызды роль атқаруы олардың шығу тегінің көшпелілер болғанынан, олардың табиғатпен ұдайы байланысынан болса керек.

Көрмеде сондай-ақ бейнетаспаға жазылған көптеген ақпараттарды көріп, кең мағлұмат алуға болады.

Үлкен экранда біздің эрамызға дейінгі 5-мыңыншы-4 мыңыншы жылдардағы Парсы патшаларының түрлі рәсімдер өткізетін астанасы - Персепол ғимаратына қалай реконструкция жасалғаны компьютерлік графикада бейнтаспа арқылы көрсетіледі. Онда ежелгі парсы тілінде жазылған түсініктемелер де бар, осылайша көрмеге келушілер алғаш рет көне парсы тілінің өзіндік дыбысын есту мүмкінідігіне де ие болды.

Кейбір эмблемалар Иранда біздің жыл санауымыздан 5 мыңыншы жылға дейін-ақ бидай өсірілгендігін көрсетеді, дәл сол мезгілде Мексикада жүгері бапталып өсірілетін болған.

Әрине, көрмеге келгендердің көпшілігі ежелгі парсылар мен гректер арасындағы Термопил шайқасын бейнелеген Голливудтың "300" деп аталатын даулы, қайшылықты пікір- көзқарас туғызған кинокартинасын көретіндігіне де күмән жоқ.

Фильмде біздің эрамызға дейінгі 480 жылдары гректің 300 жауынгері мен парсылар патшасы 1-ші Ксерксестің әскерінің арасындағы шайқастың қалай түсірілгені көптеген ирандықтың наразылығын туғызып, ашу-ызаларын келтірген болатын.

Аталған көрме наурыздың 25-іне дейін жалғасады деп хабарланған, бірақ та оның келесі сәуір айының ортасына дейін де көрермендеріне есігін айқара ашары әбден мүмкін.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG