Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Бан Ки-мун бүгін Бағдатта бір жарылыстан аман қалды


Ирақ үкімет басшысы Нури әл-Маликимен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізіп тұрған ғимаратқа жақын жерге зымыран келіп түскен болатын. Бан мырза өз басына ғимарат төбесінен қоқымдар түсе бастаған кезде әжептәуір селк ете қалып, басын оқыс еңкейткен екен. Хабарларға қарағанда, ол зардап шеккен жоқ. Бан Ки-мун бүгін Бағдатқа алдын-ала жарияланбаған сапармен келген болатын. Бан мырзаның бас хатшы қызметінде бұл - Ираққа жасап отырған алғашқы сапары.
XS
SM
MD
LG