Accessibility links

Евровидение ән-күй сайысында қазақ жұлдыздары қашан көрінбек?


Верка Сердючка деген есіммен белгілі өнер жұлдызы Украинадан Евровидение ән сайысына ұсынылған орындаушы Андрей Данилконың «Дансинг» деген әнін орындап тұр. Украина әйел-қыздарының теле-бейнесін ұтымды суреттей алатын Верка Сердючка телекөрермендердің таңдауымен бұл сайысқа іріктеліп отыр.

Сердючканың бұл әні Евровидениедегі сыншылардың таңдауынан шыға алмас, дегенмен әлем-жәлем, кейде бұл не ән дейтіндей деңгейдегі орындаушылық арасында оның әні де өзіне тиісті орынға ие болар деген үміт бар.

2004-жылғы Евровидение ән сайысында денеге жабысқан былғары шортымен және қамшысымен ковбой бейнесінде шықса, 2006-жылы финляндиялық ауыр-металшы «Лорди» тобы әзірейіл киімінде шығып елді таң қалдырған.

Бұл сайыс кезінде АББА секілді өнер тобын, Силин Дайон сияқты нағыз жұлдыздарды әлемге таныстырған болатын.

Украиналық музыка зерттеушісі Зеленидің айтуынша, Евровидение әлдеқашан-ақ нағыз ән-жыр, әсем би бәсекесі болудан қалған екен.

Бұл сайыста кейбір орындаушылардың орындау стилін қабылдай алмауы мүмкін. Руслана мен Лорди енді өткен шақтың жұлдыздары. Елді таңдандырамыз деп жүріп, ән салу және сазды әуеннен алыстай бастады. Кейбіреулер ол байқауға жеңіл күлкі үшін ғана баратындай. Ал кейбіреулер шарап-сыра ішіп, көңіл көтеретіндей. Лорди тобының сайыста қатысуына тіпті финдердің өзі қарсы болған еді, дейді музыка маманы.

Бірақ, мұндай пікірмен Ирландиялық Кейт Миллз келіспейді.

- Европаның шығыс аймағынан, Қапқаздан келетін өнерпаздардың заманауи стилі маған қызық, - дейді Кейт Миллз.

Қалай десекте, бұл бұл өнер сайысы үшін орталық бюджеттен кемінде 20 млн. доллар жұмсалады екен. Ал шетелдік туристерді көбейтуге арналған жеке ұлттық бағдарлама үшін бөлінетін қаржы өз алдына бір төбе. Қалай болғанда да, Евровидение байқауын ұйымдастырушы Стокселиустың айтуынша, бұл өнер сайысы барған сайын әлемге белгілі бола бастаған.

- 2003 жылы 60 млн.-дай көрерменіміз болған болса, Афинадағы өткен жылғы байқауды 100 млн.-нан астам адам тамашалады. Қызығушылық барынша ұлғайып отыр, - дейді ұйымдастырушы.

Бұрынғы советтік аймақтан армениялық өнерпаздар сайысқа 2-ші рет қатысып отырса Грузиндер алғаш рет өз мүмкіндігін сынамақ. Ал әзерилер, бәлкім, келесі жылы өнер бәсекесіне түсіп, аймақтың 3-тік қатарына қосылар.

– Армяндар мен әзерилердің, сондай-ақ армяндар мен түріктердің өзара тарихи кикілжіңі барлығын мен білемін, сондықтан, қалай десекте, олар бір өнер тобында тоқайласа алмас, - дейді Миллз.

Қалай десекте, сонау 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қырғын, қиратулар орнына келген бұл өнер сайы өзінің адамзат үшін қажеттілігін өміршеңдігімен көрсете беретіндей, дейді «Азаттық» радиосының өнер сарапшысы Люк Олнат.

Ал енді бұр халықаралық өнер сайысында Орта Азиялық дарындар, олардан, атап айтқанда - қазақ өнер жұлдыздарының мен мұндалап шығуы әзірше болашақтың еншісінде қалып отырғандай.
XS
SM
MD
LG