Accessibility links

Буш Ирақтан әскерлерді шығару кестесі турасындағы заңға вето қоямын деп атап көрсетті


АҚШ президенті американдық жасақтарды Ирақтан шығару мерзімін белгілеп, оны реттеуді қарастыратын заң жобасына вето қоямын деп мәлімдеген. Президент мәлімдемесі АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Ирақтағы барлық АҚШ күштерін 2008 жылдың тамыз айының аяғында шығару туралы шектеулі мерзім үшін дауыс берген соң айтылды. Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоуси ел бітпейтін жанжалды қолдай алмайды деп атап көрсетті дауыс берулер алдында:

- Америка халқы Ирақта жаңаша басқару бағыты болғанын қалайды. Бүгін Конгресс соны қамтамасыз етеді. АҚШ халқы аяқталмайтын соғысқа қолдау көрсетпейді және Конгресс те сол бағытта, - деген.

АҚШ президенті Дж.Буш мұндай заңның қабылдануын саясат театрының әрекеті деп атап көрсетіп, егер заң менің алдыма келетін болса, оған қол қойылмайды деді.
XS
SM
MD
LG