Accessibility links

Бағдадта полиция бекетіне жасалған жанпидашы көлік бомба шабуылынан 5 адам құрбан болып, ондаған кісі жарақат алды


Ал Конгресстің өкілдер палатасы АҚШ-тың Ирақтағы әскерін шығаруды талап ету қажет деген шешім қабылдады. Бірақ президент Буш негізінен демократтардан тұратын палатаның бұл шешімін саяси театр деп атады.

- Бұл заң жобасы саяси ойын ғана. Онда әскерлерімізді Ирақтан шығару жөнінде кейбір жасанды шарт және ойдан шығарылған мерзім ғана бар. Өкілдердің ол шешімі кесірінен біздің армия қажетті қаржыдан қағылады. Сондықтан ол шешім менің үстеліме қойылысымен-ақ мен вето жариялып, оған тыйым саламын, - деді президент Буш.
XS
SM
MD
LG