Армения президенті Роберт Кочарян елдің премьер-министрі Андраник Маргариянның қазасынан кейін төтенше жиналыс өткізді. Ресмилердің айтуынша, 55-жастағы Маргариян кенеттен жүрек қысылуынан жексенбі күні өз үйінде қайтыс болған. Республика партиясының басшысы болған Маргариян премьер-министр болып 2000-шы жылы тағайындалған болатын. Хабарларға қарағанда, президент Кочарян енді уақытша премьер-министрді тағайындауы мүмкін. Арменияда 12-ші мамыр күні парламенттік сайлаулар өтеді деп жоспарланған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV