Қырғызстандағы оппозиция лидерлері президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге шақырды. Президент Құрманбек Бакиевтің өз еркімен кетуі “тарихи жақсы үлгі” болар еді, деді Омурбек Текебаев. Ал бұрынғы премьер-министр Феликс Кулов өтпелі кезеңде елді коалициялық үкімет басқаратын болады деп мәлімдеді. Қырғызстан оппозициясы елдегі реформалар үшін келесі айда жалпы-ұлттық наразылық шараларын ұйымдастыратынын айтты.