Accessibility links

Қырғызстан премьер-министрі Исабеков отставкаға кетті


Үкіметбасы қызметін уақытша атқаруға социал-демократиялық партияның жетекшісі Біріккен Қырғызстан оппозициялық қозғалысының мүшесі Алмаз Атамбаев тағайындалды. Мұның алдында Исабеков бес министрді үкімет құрамынан шығармақшы болған еді, бірақ оның шешімімен президент Бакиев келіспеген. Біріккен Қырғызстан оппозициялық қозғалысының мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Роза Отынбаева бұл тағайындауды құптап қарсы алғанын айтты. Енді Атамбаевтың кандидатурасын парламент мақұлдауы тиіс.
XS
SM
MD
LG