БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ армиясының хабарлауынша, Бағдадтың шийттер басым тұратын Ас-Садр ауданында АҚШ пен Ирақ әскерлерінің бірлесіп жүргізлген тінту операциясының барысында 2 көтерілісші қолға түсті. Көтерілісшілер қарсылық көрсетіп, оларға қарсы әуеден соққы беруге тура келді. АҚШ пен Ирақ әскерлерінің жағынан ешкім жарақат та алған жоқ. Ас-Садр ауданы шийттердің әсірешіл рухани жетекшісі Мұқтада Ас-Садрға қарайтын “Маһди” армиясының басты бекінісі болып табылады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты