РАМАЛЛАҺ: Бүгін Германия канцлері Ангела Меркель Рамаллаһ қаласында Палестина автономиясының төрағасы М.Аббаспен келіссөз өткізді. Өз сөзінде Меркель ханым автономияның жаңа үкіметі Израильді мойындап, осыған дейінгі барлық бейбіт келісімді орындауға және қантөгістен бас тартуға тиіс екенін тағы да қайталап айтты. Бұл, деп мәлімдеді Меркель, Таяу Шығыстағы бейбіт кеклісімге дәнекер болған 4 елдің талап-шарты. Өз кезегінде М.Аббас Израильден араб елдерінің бейбіт бастамасына үйлесімді жауап беруін талап етті. Араб елдері 1967-нші жылы басып алған Палестина жерінен шегінгенде ғана Израильді мойындауға дайын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы