СИНГАПУР: Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлемдік денсаулық сақтау күніне байланысты бүкіл жер бетіндегі денсаулықты сақтау тақырыбы бойынша халықаралық конференция өткізеді. Сингапурде ашылатын бұл форумның мақсаты әлем елдерінің үкіметтерін денсаулық саласына, жаңа сырқаттардың алдын-алуға, биотерроризмге, ядролық және химиялық қарудың тарауына қарсы күреске, “ғасыр дерті” – СПИД-ке қарсы күреске мейлінше көп қаражат жұмсауға шақыру. Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Маргарет Чен ханым денсаулық саласындағы ауыр халге халықаралық қоғам жауапты екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
AzattyqTV