МӘСКЕУ: Ресейдің мемлекеттік телеарнасы өткен жылдың соңында уланып қайтыс болған бұрынғы агент Александр Литвиненконы қаралай бастады. Кеше “Россия” телеарнасы хабарлағандай, осыдан 4 жыл бұрын Литвиненко өзінің бір танысына Ресейдің барлау қызметіне қарсы жалған мәліметті айтқызу үшін оған млн.-даған доллар ақша ұсынған көрінеді. Өзін “Петрмын” деп қана таныстырған әлгі адам қауіпсіздік қызметінің тыңшылары Кремльдің өткір сынаған әрі қазір Лондонда бас сауғалап жүрген кәсіпкер Б.Березовскийге қарсы қастандық ұйымдастырмақ болды деген жалған мәліметті айтқызу үшін Литвиненко оған ақша ұсынған көрінеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды