КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігінде болған шайқаста 13 тәліп пен 3 полицей қаза тапты. Ауған шенеунектерінің хабарлауынша, полицейлер Пәкістан-Ауғанстан шекарасына жақын Кандагар мен Спин-Болдақ арасындағы тасжолдың бойындағы күзет постына тәліптер шабуыл жасаған кезде құрбан болды. Кеше НАТО әскері Забуль өлкесінде тәліптерге әуеден соққы беріп, жетеуінің көзін жойды. НАТО бастаған әскер мен ауған полициясы Кандагар маңындағы Жари ауданында тәліптермен қақтығысып, 6 тәліптің көзін құртты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV