Accessibility links

Сербия өзінің территориялық тұтастығын сақтауға Мәскеу көмектеседі деп үміттенеді


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі туралы жоспарды талдауға кіріседі. Ұлттар Ұйымының арнаулы өкілі Мартти Ахтисаари жасаған осы жоспар, бастапқыда, халықаралық қоғамның бақылауымен Косовоның Сербиядан тәуелсіздік алуын қарастырады. Оған ресми Белград түбегейлі қарсы. Серб премьері В.Коштуница Қауіпсіздік Кеңесінде вето қою құқы бар Ресей Сербияның территориялық тұтастығын сақтауға көмектеседі деген үмітін айтты. Мәскеу сербтер мен албан лидерлерінің келіссөзін жалғастыру беруді талап етуде. Осыған дейін келіссөз нәтиже бермеді.
XS
SM
MD
LG