ПАРИЖ: Ауғанстанда 2 францұз қызметкері мен олардың 3 ауған жолсерігі хабар-ошарсыз жоғалды. Францияда тіркелген “Terre d'Enfance” атты көмек ұйымын сілтеп көрсеткен францұз сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, осы бесеуден сейсенбінің таңынан бері қарай хабар болмаған. Олардың қайда барғаны және қашан жоғалғаны туралы да еш ақпар жоқ. “Terre d'Enfance” - өзін Ауғанстандағы білім беру бағдарламасын дамытуға көмек беретін халықаралық ұйым деп сипаттайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV