КАБУЛ: Бүгін Ирақтың Киркук қаласының маңында кем дегенде 5 жұмысшыны өлтіріп кетті. Жергілікті полицияның хабарлауынша, қарақшылар жергілікті электр стансасының жұмысшылары отырып келе жатқан автокөлікке тасадан шабуыл жасаған. Электр стансасының бұрынғы директоры 6 ай бұрын дәл осындай қастандықтан қаза тапты. Полицияның мәліметі бойынша, бүгін қарақшылар Ирақтың оңтүстігіндегі Карбала қаласының төңірегінен 22 қойшыны ұстап алып кетті.